Ссылки доступа

Қырғызстан зейнетақы төлеу үшін Ресейден көмек алады


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Қырғызстан азаматтарға зейнетақы төлеу үшін Ресейден қаржылай көмек алады.

Ресми Мәскеу Қырғызстанға көмек ретінде 20 млн доллар бөлді. Ресейдің Қырғызстандағы елшілігінің мәліметі бойынша, «қаржы қайтарымсыз көмек ретінде бөлінді».

Жобаны қырғыз тарапы мақұлдады. Жақында тиісті құжатқа қол қойылады, делінген елшілік таратқан мәліметте.

Қырғызстанда шамамен 700 мың зейнеткерге зейнетақы төлеу үшін 4 млрд 156 млн сом қажет. Ресей бөлген 20 млн долларды ұлттық валютаға аударсақ, 1 млрд 640 млн сом болады. Оның қанша бөлігі зейнетақыға, қаншауы басқа төлемдерге жұмсалатыны хабарланбады.

Қаржы министрлігінің өкілі Нұрбек Ақжоловтың айтуынша, Ресейдің көмегі 2020 жылғы бюджет тапшылығын толтыруға жұмсалады.

Қырғызстанда 687 мың адам зейнетақы алады.

XS
SM
MD
LG