Ссылки доступа

Түркияда өзбек қыздарын сексуалдық құлдықта ұстаған топ қамауға алынды (видео)


Түркияның Конья қаласының полициясы жезөкшелікті ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Түріктің Hurriyet басылымының хабарлауынша, полиция олардың әрекетін екі жарым ай бойы бақылып, 26 желтоқсанда бес күдіктіні ұстау операциясын өткізген. Олар 12 әйелді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген болуы мүмкін. Тексеру кезінде күдіктілерден 2 тапанша мен есірткі тәркіленді. 11 өзбекстандық әйел және бір түркиялық әйел құлдықтан босатылды.

Тексеру кезінде анықталғандай, Ш.И. есімді өзбекстандық әйел оларға жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, төлқұжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Конья қаласының көші-қон департаменті 11 өзбекстандықты елге қайтару мәселесін шешіп жатыр.

XS
SM
MD
LG