Ссылки доступа

Тәжікстанда бас шыршаның ашылуы мен Аяз Атаны қарсы алу шаралары өтпейді


 В Таджикистане Новый год с присущими ему ныне атрибутами отмечают уже больше 80 лет. Архивное фото
В Таджикистане Новый год с присущими ему ныне атрибутами отмечают уже больше 80 лет. Архивное фото

Тәжікстан қалаларында бас шыршаның ашылуы мен Аяз Атаны қарсы алу дәстүрлі шаралары биыл өтпейді. Билік пандемияғ а байланысты 2021 жылды қарсы алуға қатысты мерекелік шараларға тыйым салды.

Дегенмен Худжанд қаласының бірқатар тұрғыны Аяз Атаны үйге шақыруды көздеп отыр.

«Достарым мен жақын туыстарым мені Аяз Ата ретінде үйге шақырды. Олар балаларға тосын сый жасағысы келеді», - дейді тележүргізуші Акбар Зокиров.

Оның айтуынша, Худжанд қаласында тұрғындардың көбі Аяз Атаны үйге шақырғысы келеді. Балалар жыл бойы тәртіпті болса, Аяз Атадан сыйлық алуы тиіс, дейді тележүргізуші.

«Менің немерелерім көп. Олар далаға көп шықпайды. Аяз Атадан сыйлық алса жақсы болушы еді», - дейді Худжанд тұрғыны Зафар Махкамов.

18 қарашада Тәжікстанда коронавируспен күрес штабы елде жаңа жылдық мерекелік шараларға тыйым салды. Штаб бұл шешімін коронавирустың екінші толқынымен түсіндірді.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде 13 мың 237 адам коронавируспен ауырған, 90 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG