Бұл уақытта түркімен мемлекеттік телеарнасы президент Гурбангұлы Бердымұхаммедовтың немересі Керімгұлымен Копетдагта серуендеп жүргенін көрсетті. Бірақ елдің кейбір аймақтарын қар басып қалғаны туралы ештеңе айтылмады.
25 желтоқсанда басталған қар келесі күні де жауған. Қар қалыңдығы 10 сантиметрден асқан.
Коммуналдық және жол қызметтері қыс мерзіміне және қарға биыл да дайын болмаған. Жолдар қардан тазармады. Ашғабадта соның салдарынан бір жолаушы автобусы аударылып қалды. Мары қаласында жол апаттары көп болды.