Ссылки доступа

"Шекарасыз тілшілер": 2020 жылы әлемде 50 журналист кәсібіне бола ажал құшты


Похороны убитого журналиста в Афганистане, декабрь 2020 г.

Биыл әлемде 50 журналист кәсіби міндетіне байланысты ажал құшты. Басым бөлігі (68 пайызы) қақтығыс жоқ елдерде қаза болған. "Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымының 29 желтоқсанда жариялаған есебінде сондай мәлімет келтірілген.

Осыдан төрт жыл бұрын оқиғалардың 58 пайызы қақтығыс аймақтарында болған. Биыл үштен бірі сондай елдерде (Сирия, Йемен, Ауғанстан, Ирак) тіркеліп отыр.

2020 жылы қаза болған тілшілердің 84 пайызы қастандықпен өлтірілген. 2019 жылы бұл көрсеткіш 63 пайызды құраған. ШТ есепте кейбір журналистердің асқан қатыгездікпен өлтірілгенін жазады. Журналист өлімі көп тіркелген елдер қатарында Мексика (8 адам), Үндістан (4 адам), Филиппин (3 адам) және Гондураста (3 адам) бар.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы екі апта бұрын жариялаған есептің алғашқы бөлігінде әлемде 400 журналист кәсіби қызметіне байланысты түрмеде отыр деп жазған еді. Журналистердің жартысынан астамы бес ел: Қытай, Сауд Арабиясы, Египет, Вьетнам және Сирияда жазаларын өтеп жатыр. Биыл былтырмен салыстырғанда қамауға түскен әйел журналистердің үлесі 35 пайызға артқан (31 болған, 42-ге жетті).

Әлемде журналистердің қудалануын тіркеп отыратын "Шекарасыз тіл

XS
SM
MD
LG