Ссылки доступа

Өзбекстанда 2021 жыл Жастарды қолдау және халық денсаулығын нығайту жылы деп жарияланды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 29 желтоқсанда жариялаған халыққа жолдауында 2021 жылды Жастарды қолдау және халық денсаулығын нығайту жылы деп жариялауды ұсынды.

Президент сөзінше, Жастарды қолдау жылы аясында "Жаңа Өзбекстан мектеп табалдырығынан, білім және тәрбиеден басталады" деген идеология бойынша кең көлемде реформа жүргізіледі".

“Біз алдымызға үлкен мақсат қойдық – елімізде жаңадан Қайта өрлеудің негізін қалыптастыру. Біз жаңа Хорезм, Беруни, Ибн Сино, Ұлықбек, Навои мен Бабурларды тәрбиелеп шығаруымыз керек",- деді мемлекет басшысы сөзінде.

Ол 2021 жылы Өзбекстанның тәуелсіз ел болуына 30 жыл толатынын атап өтіп, "біз еркін, гүлденген жаңа Өзбекстанда тұрамыз" деді.

Президент коронавирус пандемиясының жаңа толқыны келе жатқанын ескертіп, аса сақ болуымыз керек деді.

XS
SM
MD
LG