Ссылки доступа

Тәжікстанда Рогун ГЭС-нің құрылысында істеп жатқан жұмысшылар 6 айдан бері айлық алмаған


Рогун ГЭС-нің құрылыс алаңы

Рогун ГЭС-нің құрылысына қатысып жатқан "Асри нур" компаниясының ондаған жұмысшысы жарты жылдан бері айлық берілмей келе жатқанын айтып, шағымданды.

"Апта сайын айлықтың кем дегенде 50-30% төлеп береміз деп айтып келеді. Бірақ тек сөз жүзінде қалып тұр. Айлық берілмегеніне қарамастан, жұмысшылардың көбі жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір Тәжікстанда жұмыс табу оңай емес", - деді Махмадсаид Каримов есімді жұмысшы.

Рогун ГЭС-нің құрылысында істеген азаматтар биыл жаз мезгілінде де айлық берілмей жатқанын айтып, даттанған. Ел премьер-министрі Кохир Расулзода еңбек ақылары жақын күндері төленеді деп уәде еткен. Бірақ "Асри нур" компаниясының жұмысшылары одан бері еш өзгеріс болмағанын айтады.

Президентке қарасты статистика агенттігінің соңғы мәліметіне қарағанда, елде қазан айының басынан бері азаматтарға айлық беру бойынша қарыз 74,8 миллион сомони (6,6 миллион доллар) болған. Бұл соманың 55% биыл топталған қарыздар.

Рогун ГЭС-нің құрылыс жобасы совет кезінде әзірленген. Бірақ азаматтық соғыс кезінде жүзеге аспай, 2016 жылы ғана құрылысы басталған.

Тәжікстан қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы Рогун ГЭС-нің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 2 млрд 100 млн сомони (шамамен 222 млн доллар) бөлінген.

XS
SM
MD
LG