Мекеме мәліметіне қарағанда, 15 қазаннан 15 қарашаға дейін жүргізілген сауалнамаға 5 мың отбасы қатысқан. Ондағы нәтиже бойынша, отбасылардың жеке шаруашылығы 37%, үй шаруашылығында өндірілген өнімдерді сатудан түскен кіріс 16% және шетелден аударылған қаражат 16% азайған.
Бұдан бөлек сауалнамаға қатысқандардың 20% пандемиядан отбасының кем дегенде бір мүшесі жұмысын жоғалтқанын айтқан. Тағы 5% шетелде жұмыссыз қалған жақыны қайтып келуге мәжбүр болғанын айтқан.
2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 8,1% төмендеген. Алғашқы жарты жылдықта халықтың табысы 7,7% азайған.