Өзбекстан қаржысына Бішкектегі Ұлттық госпиталь аймағына 176 орындық, Шу облыстық аурухана аймағына 24 орындық аурухана бір айға жетер-жетпес уақытта салынып, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Осыған дейін Өзбекстанның қаржылық қолдауымен Баткен облысы Кадамжай ауданында 200 орындық аурухана салынған.
Бұдан бөлек коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Өзбекстан Қырғызстанға індетке қарсы күресу үшін бірнеше рет гуманитарлық көмек көрсеткен.