Ссылки доступа

Хорватияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды


Хорватияда екінші күн қатарынан қатты жер сілкінісі болды. Қалалар мен ауылдарда, ел астанасы Загребте ғимараттар зардап шеккен.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталықтың хабарлауынша, жер сілкінісі Загребтің оңтүстік-шығысында 46 шақырым қашықтықта болған. Күші 6,3 балға жеткен.

N1 телеканалы 12 жастағы баланың қайтыс болғанын жеткізді.

Зардап шеккендердің көбі Петрин және Сисак қалаларында деп хабарлады Сисак жедел жәрдем көрсету қызметінің жетекшісі Томислав Фабиянич.

Словенияның STA жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, билік еліндегі атом электр станциясының жұмысын уақытша тоқтатқан.


XS
SM
MD
LG