Соның салдарынан елге келген азаматтар бірнеше сағат әуежайда жүруге мәжбүр. Өзбекстанға ұшу қарсаңында шамамен 100 долларға ПЦР-тест тапсырған жолаушылар да Ташкент әуежайында қайтадан тексеруден өткен.
25 желтоқсаннан бастап Өзбекстанға келген жолаушылардың барлығы экспресс-тест тапсыруға міндеттелді.
Республиканың сыртқы істір министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешімді коронавируспен күрес жөніндегі штаб қабылдаған. Алайда жолаушылар әуежайда ұзын-сонар кезекке шағымданды.
28 желтоқсанда Стамбулдан ұшып келген Зарифа есімді жолаушының айтуынша, міндетті ПЦР-тест тапсыру үшін ол әуежайда төрт сағат жүруге мәжбүр болған.
«Елге келген жолаушылардың коронавирус жұқтырмағаны жөнінде анықтамасы болса да, олар ПЦР-тест тапсыруы тиіс. Ташкентте мұндай тексеру қымбат емес. Тест вирус анықтаса, жолаушыны медициналық мекемеге немесе үй карантиніне жібереді», - өзбек консулдығының өкілі.
Еске салайық, 2014 жылы Ташкент әуежайы әлемдегі ең нашар әуежай деп танылған.