Ссылки доступа

Тәжікстанда жерді заңсыз басып алып, үй салғандарға жаза күшейтілді


Тәжікстанда жерді заңсыз басып алып, үй салғандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғайды.

Енді биліктің рұқсатынсыз, қабылданбаған жоспарсыз үй салғандар 6-12 мың сомони (530-1000 доллар) көлемінде айыппұл төлейді.

Билік құжаты жоқ құрылыстардың көбеюіне алаңдап отыр. Тұрғындар жер алу мен баспана құрылысы жоспарын бекіту жұмыстары қиындап кеткенін айтып отыр.

Өз еркімен құрылыс бастағандарға жаза 1 қаңтардан бастап күшейтіледі.

Ресми статистика бойынша, Тәжікстанда жиырма жылда 134 мың гектар жер баспана тұрғызуға бөлінген.

XS
SM
MD
LG