Ссылки доступа

БАҚ: Қытайдың Sinopharm компания дайындаған вакцина тиімділігі – 80 пайыз


Қытайдың Sinopharm компаниясы дайындаған вакцина тиімділігі 79,34 пайыз болған. Бұл туралы қытайлық Scm басылымы сәрсенбі күні хабарлады. Ол Пекин биоөнімдер институтына қарасты компанияға сілтеме жасаған.

Компания ақпараты бойынша, екі мәрте салынатын вакцина сынақтан өтушілерге зиянсыз екенін анықталды. Sinopharm Қытайдың құзырлы органдарына оны ресми түрде тіркеуге өтініш берген. Алайда, басылым мәліметіне қарағанда, компания препарат сынағы туралы аз ақпарат берген. Вакцинаны қанша адам сынағаны белгісіз.

Коронавирусқа қарсы қытай вакцинасының сынағы әлемнің түрлі елдерінде, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде, Бахрейнде, Иорданияда, Перу мен Аргентинада өтіп жатыр. Sinopharm препараты Қытайда шұғыл емдеу бағдарламасы аясында қолданылынып жүр.

Газет мәліметіне қарағанда, Біріккен Араб Әмірліктері Sinopharm вакцинасын қолдануға рұқсат берген алғашқы ел атанды. 9 желтоқсанда БАӘ денсаулық сақтау органдары препарат тиімділігін 86 пайыз деп хабарлаған. Бұған қоса, қытай вакцинасын Бахрейн билігі мақұлдады.

XS
SM
MD
LG