Ссылки доступа

Еуроодақ пен Британия сауда келісіміне қол қойды


Ұлыбритания парламентінің Өкілдер палатасы Еуропалық одақпен сауда келісіміне келді.

Құжатты 521 депутат қолдап, 73-і қарсы дауыс берді. Оған дейін премьер-министр Борис Джонсон парламентке қайрылып, сауда келісімін қолдап, "ел тарихындағы жаңа бетті ашуға" парламентарийлерді шақырған.

Джонсон Британия Еуроодақтың ең жақын әріптесі болып қалады деп атап өткен.

Британ парламентінің Өкілдер палатасы келісімді мақұлдағаннан кейін құжат Лордтар палатасына жіберілді.

Ресми Брюссель мен Лондон бірнеше айға созылған келіссөзден кейін тек 25 желтоқсанда келісімге келген. Жаңа сауда келісіміне сәйкес, тарифтер де, квоталар да нөлге түсірілді. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі тиіс. Бұл құжат екі тарап ортасындағы балық аулау және кәсіп жүргізу тәртібіне қатысты дауға нүкте қойды.

Еуропалық одақтың атынан Еурокеңестің төрағасы Шарль Мишель және Еврокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен келісімге қол қойды. Бүгін түстен кейін британ әуе күштерінің ұшағымен құжат Лондонға жеткізіліп, оған премьер-министр Борис Джонсон қол қойды.

XS
SM
MD
LG