Ссылки доступа

Қырғызстан коронавируспен күресте қаржы институттарынан 400 млн доллар алған


Қырғызстан коронавируспен күресте халықаралық қаржы институттарынан 346,8 млн доллар қаржы алған. Тағы да 427,6 млн доллар алмақ. Жалпы күтілген көмек 774,4 млн доллар көлемінде.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша халықаралық қаржы институттарынан алынған қаржаттың көлемі төмендегідей:

  • Халықаралық валюта қоры - 241,9 млн доллар.
  • Азия даму банкі - 52,3 млн доллар.
  • Дүниежүзілік банк - 9,8 млн доллар.
  • Еуропалық одақ - 27,2 млн доллар.
  • Германия даму банкі - 15,4 млн доллар.

346,8 млн доллардың 319,2 млн долларын үкімет бюджет шығынын өтеуге, оның ішінде айлық төлеуге, денсаулық, білім және әлеуметтік саланы қаржыландыруға жұмсаған.

Қырғызстан 774,4 млн доллардың 597,4 млн долларын несие ретінде алады, қалған 177 млн доллары грант есебінде беріледі.

Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі соңғы 11 айдың қорытындысы бойынша 8,1% түскен. Республикалық бюджеттің тапшылығы 29,8 млрд сом көлемінде.

XS
SM
MD
LG