Бұл ұйымның нәтижесі АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінде орналасқан мониторинг станциясындағы мәліметке негізделген.
Тәжік билігі ауаның ластануына көліктің көбеюуі себеп болды деп есептейді. Тұрғындар болса қаланы "Тәжік цемент" сияқты өндіріс кәсіпорындары ластап жатыр дейді.
Сонымен бірге қытайлық TBEA компаниясы салған Душанбе Жылу электр орталығы да сынға ілінген. Мамандар ауаға 17 мың зиянды зат бөлінетін болса, оның 14,5 мыңы дәл ЖЭО-дан шығады дейді.
Душанбе теңіз деңгейінен 800 метр биік, үш тарабында да тау бар. Нәтижесінде зиянды заттар қала үстінде топталып тұрады.