Ссылки доступа

Қырғызстан бас прокуратурасы «Манас» әуежайында 1,7 млн доллар ысырап болғанын анықтады


Аэропорт «Манас». Иллюстративное фото

Қырғызстанның бас прокуратурасы «Манас» халықаралық әуежайы» компаниясына қарасты «Компания Манас Менеджмент» фирмасының жемқорлық схемасын әшкереледі.

Хабарларға қарағанда, компанияның жауапты тұлғалары жүк тасумен айналысатын шетел компанияларына жеңілдік берген. Сол арқылы олар бір тонна жүкке 60 доллар төлесе, басқа компаниялар 95 евро төлеп келген.

Осылайша, «Манас» Халықаралық әуежайы» компаниясы 2018-2020 жылдар аралығында 139 млн 598 мың 681 сом (1,7 млн доллар) алмаған.

Осыған байланысты «Коммерциялық немесе басқа да ұйымда қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG