Ссылки доступа

Өзбекстанда COVID-19 тестін тапсырғандарға қонаққа 30-дан астам адам шақыруға рұқсат берді


Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі штабы 31 желтоқсан және 1 қаңтарда ПЦР немесе экспресс-тест тапсырған тұрғындар арасында 30-дан көп адамға арналған мерекелік кеш ұйымдастыруға рұқсат берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуына байланысты осындай шешім қабылданған.

Банкет залдары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен кафелер осындай шараларды ұйымдастыру үшін санитария және эпидемиология қызметі мамандарын келісім-шарт негізінде шақырып, тазалып ережелерінің сақталуын бақылай алады.

Бұның алдында арнайы комиссия мерекелік корпоративтер өткізуге тыйым салып, азаматтарға Жаңа жылды үйде қарсы алуға кеңес берген.

XS
SM
MD
LG