Ссылки доступа

Еуроодақ коронавирустың екінші вакцинасын қабылдауға үндеді; АҚШ пен Үндістанда вирустың жаңа штаммы тіркелді


Германияның ресми өкілдері Еуроодақты COVID-19-дың екінші вакцинасын – AstraZeneca компаниясының Оксфорд университетімен бірге дайындаған препаратын тезірек мақұлдауға шақырды.

Германияның денсаулық сақтау министрлігі Йенс Спан вакцинацияны «пандемиядан шығу жолы» деп атады. Оның болжауынша, қаңтар айының басында америкалық Moderna компаниясының вакцинасы мақұлдануы тиіс. Неміс министрінің айтуынша, Германия 31 желтоқсанда Pfizer және BioNTech компаниялары дайындаған вакцинаның 1,3 млн данасын алады. Батыс елдері оны жаппай еге бастады.

Бұл уақытта, әлемнің көптеген мемлекеті жаңа жыл қарсаңында жаңа шектеу шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро және Сидней қалаларында мерекелік шараларға шектеу қойылды.

Коронавирустың жаңа штаммы АҚШ-та, Үндістанда және Латын Америкасы елдерінде де тіркелді. Өте тез тарайтын вирус әлемнің жиырма шақты елінде анықталды. Соған байланысты мемлекеттер шектеу шараларын күшейтіп жатыр.

Ғалымдар вирустың мутацияға ұшырауын қалыпты құбылыс деп атады. Сарапшылар вирустың бұл штаммы жақында әзірленген вакциналарға шыдамды емес деп болжайды.

XS
SM
MD
LG