Ссылки доступа

Қырғызстанда педофилдер туралы мәлімет базасын дайындауды ұсынды


Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эльвира Сурабалдиева, Қазақтан тәжірибесіне сүйеніп, педофилдер туралы мәлімет базасын дайындауды ұсынды. Ол пікірін Фейсбуктегі парақшасына жазды.

«Бізге де осындай карта керек. Мәселеге әрбір ата-ананың, қоғамның назарын аударатын кез келді. 13 жастағы қызды зорлау оқиғасын жасырып, ақыры оған жәбірленуші мен оның отбасын кінәлі етіп көрсеткенін бәріміз білеміз», - деді Эльвира Сурабалдиева.

Вице-премьер балаларды танымайтын кісіге ермеуді мектеп жасынан үйрету керек деп есептейді.

«Жасөспірімдерге Интернетте порнография көруге шектеу қойылу керек. Балаларыңыздың компьютерін соңғы рет қашан тексердіңіз?» - деп сұрады Сурабалдиева.

Зерттеулерге қарағанда, 2019 жылғы тоғыз айда Қырғызстанда кісі зорлау қылмысына қатысты 269 іс қозғалса, олардың 200-і сотқа жетпеген. Сотта 17 іс қана қаралған.

XS
SM
MD
LG