Республиканың арнайы штабының нұсқауымен, 25 желтоқсаннан бастап елге келген жолаушылар экспресс-тест тапсыра бастады.
Коронавирус жұқтырғаны анықталған 21 жолаушының қай елден келгені хабарланбады.
Экспресс-тест тапсыру 95 000 сум (9 доллар) тұрады. Студенттерге жеңілдік бар.
Анализ нәтижесі 10 минуттың ішінде белгілі болады.
Бұның алдында Ташкент әуежайында жолаушылар ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болғаны хабарланған.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада 77 231 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.