Ашт ауданындағы шенеуніктердің әрекетін сынап жазған журналист жеті жарым жыл бойы түрмеде отыр. Оның бостандыққа шығуына бір жыл жеті ай қалды.
2013 жылы 28 қазанда сот Махмадюсуф Исмоиловты 10 жыл алты айға соттады. Оған «ақша бопсалады», «алаяқтық жасады» деген айыптар тағылған. Журналист тағылған айыптарды жоққа шығарып, оны өзінің кәсібімен байланыстырды.
Желтоқсан айының соңында Исмоилов сот белгілеген шығынды толық өтегенін, енді оны босатады деп үміттенетінін айтқан. Сот Исмоиловтың бұл өтінішін орынды деп тапқан, бірақ колония әкімшілігі оны босатпай отыр.
Махмадюсуф Исмоилов үшінші топтағы мүгедек. Оның құлағы мен аяғына екі мәрте ота жасалған. Бұның алдында журналист Озоди радиосына денсаулығы күннен күнге нашарлап бара жатқанын жазған. Оның отбасы Ашт ауданында жалдамалы пәтерде тұрады.