Ссылки доступа

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында чартерлік рейстер қатынай бастайды


"Узбекистон хаво йуллари" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі 5 қаңтардан бастап Душанбеге 2021 жылдың алғашқы чартерлік рейсі ұшады деп хабарлады. Әзірге екі елдің астанасы арасында ғана ұшақтар ұшады.

Әуе компания мәліметінше, Ташкенттен таңғы 09:30-да ұшып, Душанбеге 10:30-да қонады. Кері Душанбеден жолаушыларды қабылдап, 12:00-де ұшып кетеді де, 13:00-де қонады.

Жолаушылар міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыруы тиіс.

Әзірге екі ел арасында тұрақты әуе қатынасы қашан қалпына келеді, белгісіз.

2017 жылдан бері Ташкент пен Душанбе арасында тұрақты қатынап келе жатқан әуе қатынасы 2020 жылдың наурызында пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG