Ссылки доступа

Өзбекстанда вице-министрдің көлігі жардан құлап, әйелі мен қызы қайтыс болды


Жаңа жыл түнінде Өзбекстан су шаруашылығы министрінің орынбасары Вохиджон Ахмаджоновтың Chevrolet Gentra маркалы көлігі Камчик асуындағы жардан құлап кеткен.

Көліктегі оның әйелі мен үш жастағы қызы қайтыс болған. Вице-министрдің өзі ауруханаға түскен.

Отбасы Ферғанаға, ата-анасымен бірге Жаңа жылды қарсы алуға жолға шыққан екен.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG