Ссылки доступа

Қырғызстанда Кәсіподақ федерациясы қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеді


4 қаңтарда Бішкектегі Кәсіподақ үйіне белгісіз адамдар барып, Кәсіподақ федерациясының төрағасы Сағынбек Бозгумбаевтың қызметінен кетуін талап еткен.

Құрылысшы жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Элдияр Карачаловтың хабарлауынша, белгісіз адамдар күш қолданған. Оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлерін шақырған.

"Бізге жұмыстан кетіп, ғимаратты босатуымызды талап етті. Бізге күш қолданды, қазір біз ауруханадамыз, медициналық сараптамадан өтіп жатырмыз", - деді Карачалов.

Оның ойынша, шабуыл жасағандар өзге Кәсподақ федерациясының төрағасы Мирбек Асанакуновтың жақтастары. Бірақ Асанакуновтың адамдары бұл ақпаратты растамай отыр.

25 желтоқсанда Бішкекте екітүрлі отырыс өтті. Онда Кәсіподақ федерациясының мүшелері екі басшы тағайындады. Екеуінің қайсысы заңды, әлі белгісіз болып тұр.

2017 жылдан бері Кәсіподақ федерациясын басқарып келген Мирбек Асанакунов 2020 жылдың ақпан айында қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG