Ссылки доступа

Ресейде өзбек мигранттарын үш күн әуежайда ұстап, кері қайтарған (видео)


Өзбекстанның ондаған азаматы Мәскеудегі Шереметьево әуежайында үш күн отырып, Ресей аумағына ақыры өте алмады. Төртінші күні олардың бәрін үйлеріне кері қайтарды.

Өзбек мигранттарына қандай заң бұзғанын ешкім түсіндірмеді. Жолаушылар емделуге, туыстарына келген. Олардың қолында тиісті құжаттар болған. Бірақ шекара қызметінің адамдарды олардың төлқұжаттарын жинап алып, үш күн бойы әуежайдың транзин аймағынан шығармаған.

Жолаушылар арасында жас баласы бар әйелдер де болды. «Адамдар үш-төрт күн бойы күтіп отыр. Бізді қойшы, жас балалары бар әйелдер қиналып қалды», - деді әуежайдағы өзбек азаматтарын видеоға түсірген жігіт.

Транзит аймағынан шыға алмаған өзбекстандықтар әуежай ішіндегі дүкендерден азық-түлік сатып алуға мәжбүр болды. Мұнда баға бірнеше есе қымбат. Жолаушыларға жеке бөлме де бермеді.

Олар Ресей аумағына кіре алмады. Төртінші күні бәрін елге кері қайтарды. Жолаушылар Ресейге билігімен соттасып, билет шығынын өндіріп алуды көздеп отыр.

Десятки узбекистанцев в Шереметьево не впустили в Россию и отправили домой
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

XS
SM
MD
LG