Ссылки доступа

Тәжікстанның денсаулық министрлігі жазға қарай коронавирусты толық жеңетінін мәлімдеді


Страна, победившая коронавирус? Репортаж из Таджикистана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:17 0:00

Страна, победившая коронавирус? Репортаж из Таджикистана

Тәжікстанда 2021 жылдың басында төрт адамның ғана коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ауруханаларда мұндай диагноз қойылған адам қалмады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Шамамен 200 адам үйде ем қабылдап жатыр. Министрлік эпидемия аяқталғаны туралы есеп беріп жатыр. Ресми статистикаға жергілікті халық сенбейді.

Душанбе тұрғындарының бәрінің дерлік медициналық маскасы бар, бірақ олар оны бетіне тақпай, қалтасына салып жүреді. Қоғамдық көлікке міну, дүкен мен мемлекеттік мекемеге кіру үшін маска керек. Дегенмен күзет кімнің маска тағып, кімнің тақпай жүргенін қадағалай бермейді.

«Шекара жабық. Бізге ешкім келмейді. Ауру да жоғалып кетті», - дейді тұрғындардың бірі. Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы өткен жылғы наурызда тоқтаған, қазір екі ел арасында арнайы рейстер ғана ұшып жүр.

Коронавирусты биыл жазға қарай толық жеңеміз, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі. Шамамен сол уақытта елде халыққа жаппай вакцина егу науқаны басталады деп жоспарланған. Тәжік билігі вакцина сатып алуға асығар емес – вакцина сынағының аяқталып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесін күтіп жүр.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус пандемиясы басталғалы бері сегіз миллион халқы бар Тәжікстанда 13 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталды, 90 адам қайтыс болды. Әлеуметтік желілер арқылы жиналған бейресми мәліметке қарағанда, 2020 жылғы мамыр-қыркүйек айларында кем дегенде 450 адам коронавирустан қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG