Ссылки доступа

Қырғызстанның қауіпсіздік қызметі мекеменің бұрынғы басшысына іздеу жариялады


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі мекеменің бұрынғы төраға орынбасары Болотбек Суюмбаевқа іздеу жариялады.

Тергеу мәліметінше, ірі көлемдегі қымбат әшекей бұйымдардың контрабандасына Суюмбаевтың тікелей қатысы болған.

Оған "қызметін асыра пайдалану" және "экономикалық контрабанда" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болотбек Суюмбаев 2016 жылдың мамыр айында экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төраға орынбасары қызметіне тағайындалған.

2018 жылдың сәуір айында президент Сооронбай Жээнбеков Суюмбаевты қызметінен босатқан. Былтыр күздегі парламент сайлауынан кейінгі биліктегі өзгерістен кейін премьер-министр болған Сапар Исаков оны қаржы полициясының басшысы етіп тағайындаған. Бірақ келесі премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев Суюмбаевты қызметінен босатқан.

XS
SM
MD
LG