Ссылки доступа

Тәжікстан ауылдарында жарық лимиті белгіленді


«Барки точик» холдингінің хабарлауынша, 5 қаңтардан бастап ауылдарда электр қуатын қолдану лимиті енгізілді. Түнгі сағат 23-тен таңғы алтыға дейін жарық болмайды.

Электр қуатын пайдалануға енгізілген шектеу қашан аяқталатыны хабарланбады. Холдингтің хабарлауынша, қалаларда жарық сөнбейді.

«Барки точик» бұдан басқа мәлімет беруден бас тартып отыр. Компанияның кезекші қызметкерінің айтуынша, шектеу Нурек су электр станциясындағы қоймаға судың аз жиналуына байланысты енгізілген.

Лимит белгіленерден үш күн бұрын елдегі бірқатар ауыл тұрғындары жарық сөніп қалғанына шағымданған.

Тәжікстанда күз-қыс мезгілдерінде жарық жиі сөнеді. 2017 жылы билік республиканың барлық өңірі электр қуатымен қамтылғанын мәлімдеген. Алайда одан кейінгі жылдары елді мекендерде жарықтың сөнуі тиылған жоқ.

XS
SM
MD
LG