Ссылки доступа

Ташкентте ашық аспан астында мұз айдыны ашылады


7 қаңтарда Әлішер Навои атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театр жанынан мұз айдыны ашылады. Осылай деп туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет мәлімдеді.

Жобаны қала әкімшілігінің қолдауымен туризмді дамыту комитеті мен "Art Uz Promotion Agency" кәсіпорны жүзеге асырмақ.

Мұз айдынының ашылу салтанатына ресейлік спорт жұлдызы, мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Алексей Ягудин шақырылып отыр. Ол өзбекстандықтарға "Зима" авторлық бағдарламасын тарту етпек.

Мұз айдынының жұмыс істеу мерзімі бір айға жоспарланған.

XS
SM
MD
LG