2002 жылы аталған ғимарат Қырғызстанның тарихи және мәдени ескерткіштері мемлекеттік тізіміне енген. Мұндай ғимараттарды сүру тек үкіметтің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
Бірақ 2015 жылы "Эркин-Тоо" акционерлері мәдениет министрлігінің шенеуніктерімен бірлесіп, ғимаратты мемлекеттік тізімнен алып тастаған.
Аталған ғимаратты сүріп, орнына көп қабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.