Ссылки доступа

"Сардоба ісіне" қатысты айыпталушылардың туыстары негізгі кінәлілер тасада қалды дейді


5 қаңтарда Ташкент қалалық сотта Сардоба су қоймасының жарылуына байланысты кезекті сот отырысы өтті. Онда күдікті ретінде 17 адамның ісі қаралып жатыр.

Тергеу қорытындысына сәйкес, Сардоба су қоймасындағы апаттан мемлекетке 45 млрд сум (4 млн 280 мың доллар) шығын келген. Қылмыстық істің басты айыпталушылары тек көрсетілген соманың жартысын ғана өтеген.

Өзбекстанның Жоғарғы соты бұл іс мемлекеттік құпияға жататындықтан, процесс жабық өтеді деді.

Айыпталушылардың туыстары қазір төменгі деңгейдегі шенеуніктер ғана жауапқа тартылып жатыр деп, су қоймасын салуға қатысқан жауапты басшылар бсотандықта жүр дейді.

Сардоба су қоймасын салуға қатысқан "Узбекистон темир йуллари" компаниясының маманы қазіргі күнге дейін мемлекетке 1 млрд 100 млн сум (105 мың доллар) төлегенін айтты.

1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасы жарылып, 6 адам қаза болған, шамамен 70 мың адам эвакуацияланған еді. Ондаған адам Қазақстанның Өзбекстанға жақын орналасқан Түркістан облысына көшірілді.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында да кемінде бес елді мекен зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша, 900-ге жуық үй бұзылған, 7 мың гектар егістікті су шайып кеткен. Шамамен 300 ірі қара мал өлген.

Сардоба су қоймасы 2017 жылы қазіргі президент, сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзияевтің бастамасымен салынған. Оның құрылысына бюджеттен 404,4 млн доллар бөлінген.

Сарапшылар қорытындысында бөгеттің жарылуына жобалау, салу және пайдалану кезінде кеткен қателіктер себеп болды деп жазылған. Алайда кейбір мамандар апатқа жаппай жемқорлық атап айтқанда, құрылыс барысында бетондар мен құрылыс материалдарының ұрлануы себеп болуы мүмкін деп топшылаған.


XS
SM
MD
LG