Ссылки доступа

Наманганда бес адам қырғыз арағынан уланып қайтыс болды


Өзбекстанның Наманган облысы Туракурган ауданында «Градусник» арағынан қайтыс болғандар бесеуге жетті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауруханаға арақтан уланған 13 адам түскен, солардың бесеуі қайтыс болды.

Бұның алдында Наманганда Жаңа жыл қарсаңында екі адам Қырғызстанда шығарылған «Градусник» арағынан уланып қайтыс болғаны хабарланған.

Аудандық прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті аурухана дәрігерінің айтуынша, арақтан уланған екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Алты науқас жазылып шыққан.

XS
SM
MD
LG