Үндеулерді кім жазғаны белгісіз. 3 қаңтарда әлеуметтік желілерде сол үндеулер түсірілген видео тарады. Видео Еуропадағы тәжік оппозициясына қатысы бар «Ислох» (Реформа) ютуб-арнасына да жүктелді.
Әлеуметтік желі қолданушылары жазулардың нақты қай жерге жазылғанын бірден анықтады. Үндеулер Худжанд қаласындағы Панчшанбе базарына жақын маңда пайда болған. Жергілікті тұрғындар бұл жазулардың нақты қашан жазылғанын білмейтінін айтқан.