Ссылки доступа

Өзбекстанда хакерлер 11 ресми сайтқа шабуыл жасаған


6 қаңтарда хакерлер Сурхандариядағы 11 облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктің ресми сайттарына шабуыл жасаған. Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі бұл мәліметті растап, "сайттарды бұрынғы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын" жеткізді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, хакерлердің әрекетінен кейін облыс әкімшілігінің сайтында шабуылды Clone Security тобы іске асырғаны туралы жазу пайда болған.

Сонымен бірге хакерлер әкімшіліктің барлық жүйесіне кіргенін, егер облыс басшысы жақсы мамандарға көңіл аудармаса, жасырын шешімдер мен бұйрықтарды жариялайтынын ескерткен.

Бұдан бөлек Clone Security тобы БАҚ-қа үндеу жолдап, "екі апта бұрын әкімшіліктің іс басқармасының басшысы мекеменің ақпараттық технологиялар бөлімінде істеген қызметкерді сабап тастағанын" айтқан. Олардың айтуынша, 16 желтоқсанда бұл мәселе бойынша президенттің виртуалдық қабылдауына өтініш жасаған қызметкер қызметінен алынған.

2013 жылы маусымда Clone Security хакерлер тобы Өзбекстанның футбол федерациясының ресми сайтына шабуыл жасаған. Содан кейін Ұлттық телерадиокомпаниясының сайтын бұзып кірген.

XS
SM
MD
LG