Ссылки доступа

«УзАвтоТрансСити» фирмасына алданған клиенттер ақшаны қайтаруын талап етті


В настоящее время количество обманутых клиентов ООО «УзАвтоТрансСити» насчитывает более 80 человек.
В настоящее время количество обманутых клиентов ООО «УзАвтоТрансСити» насчитывает более 80 человек.

«УзАвтоТрансСити» фирмасына автокөлік сатып алу үшін миллиондаған сум берген бұхаралық ондаған азамат 7 қаңтарда облыстық сот ғимараты алдына жиналды. Олар фирмаға төлеген ақшаны қайтара алмай жүр.

Бұның алдында тұрғындар облыс әкімшілігіне, Өзбекстан президентінің қабылдау бөліміне арызданған, бірақ олардың шағымдары жауапсыз қалған.

«УзАвтоТрансСити» фирмасына 80-нен астам адам алданып қалған. Олардың арасында автокөлік сатып алу үшін банктен несие туырлағандар да бар.

Фирманың бас кеңсесі Бұхара облысындағы Шафиркан ауданында орналасқан. Компанияның құрылтайшысы әрі бас директоры Абдукаюм Шукуров пен осы фирманың тағы үш қызметкері былтыр қарашада сотталды. Оларға алаяқтық жасау, сауда ережесін бұзу қылмыстары бойынша айып тағылды.

Бұхара облысы, Каравулбазар ауданының тұрғыны Зарина Мехмонова екі жыл бұрын «УзАвтоТрансСити» фирмасына 23 млн сум (2200 доллар) төлеген, бірақ ол Spark маркалы автокөлікті әлі алмаған. Енді ақшасын қайтара алмай жүр.

«Алаяқтарды ұстады, бірақ бізге ақша қайтармады. Біз облыс әкімшілігіне, президенттің қабылдау кеңсесіне шағымдандық. Жауап жоқ», - дейді Мехмонова.

Обманутые клиенты просят взыскать с ООО «УзАвтоТрансСити» деньги, внесенные на покупку автомобилей
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:20 0:00

XS
SM
MD
LG