Ссылки доступа

Тәжікстанда ГЭС акциясын сатып алғандар әлі пайда көрмеген


Тәжікстанда Рогун ГЭС-нің акциясын халыққа сатқанына тура 10 жыл өтті. Бірақ халық одан әлі пайда көрген жоқ.

Тәжік еңбек мигранты Кобилджон студент кезінде Рогун гидро электр станциясының (ГЭС) акциясын сатып алған. Ол 2010 жылы ЖОО әкімшілігі студенттерге акцияны кемінде 100 сомониге сатып алға мәжбүрледі дейді.

"Біз бұл акциядан пайда табамыз ба, жоқ па, білмеймін. Пайда таппасақ та, халықтың ақшасы талан-таражға түссе, үкіметті кешірмеймін", - дейді ол.

Бүгінгі күнге дейін тәжік халқы элетр энергиясының жетіспеушілігінен зардап шегеді. 5 қаңтарда "Барки точик" энергохолдингі ауылды елді-мекендерге жарық беруде шектеу енгізгенін мәлімдеді. Тәжікстан халқының 70 проценті ауылды жерде тұрады. Енді көбі аязды күндері жарықсыз отырмақ.

2010 жылдың қаңтар айында тәжік билігі Рогун ГЭС-нің акциясын халыққа сата бастаған. 6 млрд сомониға 5 млн акция шығарған.

Сол кезде 900 млн сомони (сол кездегі бағам бойынша 186 млн доллар), жиналған. Бірақ халықаралық ұйымдардың талабы бойынша, тәжік үкіметі акцияны сатуды доғаруға мәжбүр болған.

"Рогун ГЭС акционерлік қоғамының құнды қағаздар бөлімінің басшысы Зухро Мусоева халықтан жиналған ақшаға құрал-жабдық сатып алуға жұмсадық дейді.

Рогун ГЭС-нің құрылысы толығымен 2027 жылы аяқталуы тиіс.

XS
SM
MD
LG