Ссылки доступа

Ташкентте IMEI-кодтары тіркеуге алынбаған телефондарды сатқан кәсіпкерлер тексеріліп жатыр


Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) өкілдері Ташкенттегі "Техно-Олам" сауда орталығының аймағында орналасқан "Малика" базарында мобилді телефон сатқан адамдарды тексеріп жатыр.

Кәсіпкерлердің айтуынша, арнайы қызметті Өзбекстанда IMEI-кодтары тіркеуге алынбаған Huawei телефондары қызықтарып жатыр.

"Азаматтар шетелден әкелінген Huawei телефондарын сатып алып, сим-карта салғанда, істемеген. Осыдан кейін олар құқық қорғау органдарына өтініш жазған. Тексеру нәтижесінде ол телефондар өлкеге UZIMEI жүйесіне тіркелместен әкелінгені анықталған. Арнайы қызмет өкілдері қазір бұл телефондарды импорттаған адамдарды іздеп жатыр", - деді кәсіпкер.

Оның сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдарының тексеруінен кейін базардағы бірнеше дүкен иесі уақытша тергеу мекемесіне қамауға алынған.

Өзбекстанда 2018 жылдан бастап шетелден әкелінетін мобилдік телефондар үшін UZIMEI-кодтарды тіркеу жүйесі енгізілген.

XS
SM
MD
LG