Ссылки доступа

Қырғызстандағы сайлау: ID-карта жасатушылар төлқұжатты 10 қаңтарда кешке дейін алады


Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметінің хабарлауынша, ID-карта жасатып жатқандар ұлттық төлқұжатты 10 қаңтарда кешке дейін алып, президент сайлауы мен референдумға қатыса алады.

Қызмет төрағасы Акын Мамбеталиевтің айтуынша, шамамен 40 мың азамат сайлауға қатысты сауал жолдаған. №2 форма жарамсыз болуып қалуына байланысты аймақтарда сайлаушылар саны өзгерген.

10 қаңтарда республикада Мемлекеттік тіркеу қызметінің 420 маманы жұмысқа шығады. 119 нөмірлі тегін байланыс телефонына 60 оператор жауап береді.

10 қаңтарда Қырғызстанда президент сайлауы мен референдум қатар өтіп жатыр. Президент қызметіне 17 кандидат таласады. Референдумда сайлаушылар президенттік, парламенттік басқару жүйесінің бірін таңдайды.

2 мың 474 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, олардың 48-і шетелде орналасқан. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 3 млн 563 мың 574 адам дауыс бере алады.

XS
SM
MD
LG