Оның айтуынша, ДДСҰ басшысы Аданом Гебреисус пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің онлайн кездесуі кезінде Түркіменстанда коронавирустың бар, жоғын анықтау үшін үлгі алып, оны шетелдің зертханасына жіберу бойынша келісімге келген.
"Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін бұл мәселеге байланысты ешқандай прогресс көріп тұрғанымыз жоқ, бірақ Түркіменстан үкіметімен ашық диалог жүргізіп жатырмыз", - деді Ханс Клюге.
Ол Түркіменстан әлі күнге дейін елінде COVID-19 вирусының анықталғаны жөнінде ешқандай мәлімет бермеген.
ДДСҰ Түркіменстан билігін вирустың бар, жоғын тексеру үшін тәуелсіз тест жүргізуге шақырған. Бірақ ел президенті келіспеген.
Түркіменстан билігі елінде коронавирус жұқтырғандар жоқ деп мәлімдеп келеді. Бірақ бірқатар аймақтарға қатаң карантин шаралары енгізілген. Ірі базарлар, мешіттер, сауда орталықтары жабылған.
Маскасыз жүргендерге айыппұл салынып жатыр.