Ссылки доступа

Бішкекте "Заң бұзылмасын!" шеруі өтті


10 қаңтарда Бішкекте "Заң бұзылмасын!" шеруі өтті. Парламенттік басқару формасын қолдайтын белсенділер заңның бұзылмауын талап етті.

Милиция мәліметі бойынша, акцияға шамамен 30 адам қатысты. Ұйымдастырушылар шеруге 50 адам жиналды деп отыр.

Қырғызстан астанасында "Заң бұзылмасын!" акциясы қазандағы оқиғадан соң басталды. Белсенділер Конституцияға өзгерту енгізуге қарсы шықты. Олар үш айда он рет шеру өткізді.

10 қаңтарда Қырғызстанда президент сайлауы және басқару формасы жөнінде реформа қатар өтіп жатыр. Мемлекет басшысы қызметіне 17 кандидат таласады. Референдумда азаматтар үш нұсқаның бірін таңдайды: президенттік форма, парламенттік форма, екеуіне де қарсы. 2 474 сайлау учаскесі ашылды, олардың 48-і шетелде орналасқан.

XS
SM
MD
LG