"Клооп" басылымының жазуынша, Бішкектегі №1157 сайлау учаскесіне бір топ адамды дауыс бергізу үшін алып келген.
Ал №1117 сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының мүшесі қария әйелге Садыр Жапаровқа дауыс беруге үгіттеген.
Талас қаласындағы №6106 сайлау учаскесін бақылаушы арнайы көлікпен бір топ әйелді алып келгенін байқаған. Сайлау комиссиясының мүшелері оның шағымын қарамаған.
Шу облысындағы №7076 сайлау учаскесінде де белгісіз ер адам дауыс беру үшін бірнеше рет келген.
№1117 сайлау учаскесінде журналистер мен бақылаушыларға видео түсіруге тыйым салған.
Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтіп жатыр. Қазан айында парламент сайлауынан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктен соң, билік ауысқан. Сол кездегі президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.
Оның орнына қазір сайлауға түсіп жатқан Садыр Жапаров үміткер. Наразылық кезінде жақтастары оны түрмеден босатып алды.
Президент сайлауымен қатар Қырғызстанда референдум өтіп жатыр. Онда билік жүйесін парламенттіктен президенттікке ауыстыру мәселесі қаралған.