Ссылки доступа

"Боинг-737" ұшағы құлаған орын зерттеліп жатыр


Boeing 737, аналогичный погибшему в субботу самолёту той же индонезийской авиакомпании
Boeing 737, аналогичный погибшему в субботу самолёту той же индонезийской авиакомпании

Индонезия билігінің мәлімдеуінше, "Сривиджая Эйрлайн" әуе компаниясына тиесілі "Боинг-737" ұшағының қалдықтары теңізде табылғанын хабарлады. Экипажбен байланыс жолаушы ұшағы әуеге көтерілген төрт минуттан соң үзілген. Ұшақ бортында 62 адам болған, олардың 12-і - экипаж мүшесі. Ешкім аман қалмады.

Ұшақ Жакартадан Понтианак қаласына (Батыс Калимантан провинциясы) ұшып шыққан.

Жексенбі, 10 қаңтарда, құтқарушылар тобы борт жазу құрылғысының дабылын тіркеді, деп хабарлады Би-би-си. Ұшақ құлаған орынға іздестіру-құтқару кемесі жіберілді. Онда әскери сүңгушілер отряды бар.

Тергеушілер теңіз түбінен көтерілген фюзеляж қалдықтарын зерттеп жатыр. Жакарта полициясы өкілінің хабарлауынша, тергеушілер қабылдап алған алғашқы қаптарда жолаушы жүктеріндегі заттар, адам денесінің бөлшектері болған. Апат құрбандары қалдықтарының кімге тиесілі екенін анықтау жұмыстары басталды.

XS
SM
MD
LG