Ссылки доступа

Өзбекстанда Солтүстік Ферғана каналына салынып жатқан көпір құлады


Хорезм облысы Ургенч қаласындағы демалыс саябағында көпір кұлап, 16 адам мерт болған.

Наманган облысы Давлатабад ауданында Солтүстік Ферғана каналы үстінен салынып жатқан көпір құлады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 8 қаңтарда күндіз ұзындығы 37 метр болатын көпір ортасынан қақ жарылып, құлаған.

Наманган облысы әкімдігінің хабарлауынша, көпірді "Ун битта Ахмад" мешітіне бару жолын жеңілдету мақсатында салған. Қаржыны жеке кәсіпкер Маруфхон Ходжиханов бөлді дейді.

Қайғылы оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Төрт жыл бұрын Хорезм облысы Ургенч қаласындағы демалыс саябағында концерттік қойылым кезінде көпір құлап, 16 адам қайтыс болған. Мерт болғандардың дені жасөспірім еді.

XS
SM
MD
LG