Ссылки доступа

Өзбекстанда оқушылар суық мектепте оқуға мәжбүр


Ученики многих школ Андижанской области вынуждены учиться в холодных классах.

Өзбекстандағы 10 мыңға жуық мектепте қысқы демалыс 11 қаңтарда аяқталады. Оқушылар үшінші тоқсаннан бастап мектепте оқиды.

Республиканың кейбір өңірінде осы күні ауа райы күрт суып кетті. Кей жерлерде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеген. Мектеп директорлары мен ұстаздар сыныптардың суық екеніне алаңдап отыр.

Халық білімі министрлігінің хабарлауынша, мектептерді жылытуға жергілікті әкімшіліктер жауап береді.

Бұның алдында ата-аналар мектепті жылыту жұмысына сын айтқан. Оқушылар суық сыныпта отыруға мәжбүр. Сол себепті көп оқушы ауырып қалған.

Ресми статистика бойынша, Өзбекстанда 10 мыңға жуық мектеп бар. Онда 6 миллионнан астам оқушы білім алады.

Былтыр 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты оқу мекемелері қашықтан оқуға көшті. Оқушыларды қашықтан оқыту 2020 жылғы 30 наурызда басталды.

XS
SM
MD
LG