Ссылки доступа

Тәжікстанда әскерден бас тартқан Иегова куәгері сотталды


Рустамджон Норов (слева) и Джовидон Бободжонов
Рустамджон Норов (слева) и Джовидон Бободжонов

Худжанд гарнизонының әскери соты 22 жастағы Рустамжон Норовты әскерге барудан бас тартқаны үшін үш жарым жылға соттады. Норов Тәжікстанда тыйым салынған "Иегова куәгерлері" діни ұйымына кірген.

"Иегова куәгерлері" діни ұйымындағылар әскерде қызмет етуден бас тартады. Олар әскери форма кимейді, қару ұстамайды. Дегенмен олар әскер қызметіне балама қызметтерден, ерікті ретінде қызмет көрсетуден бас тартпайды.

Әскери сотттың хабарлауынша, Рустамжон Норов әскери қызметтен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған.

Рустамжон Норов Худжандтағы әскери бөлімдердің бірінде әскери форма киюден бас тартқан. Ол әскери қызметке балама қызметтен өткісі келеді. Жас жігіт пен оның адвокаты сот шешімін "тым қатал" деп есептейді. Олар сот үкіміне шағым түсіруді көздеп отыр.

Адвокат Юлдузхон Курбоновтың айтуынша, Рустамжон Норов міндетті әскери қызметтен жалтармаған, ол балама қызметтен өту құқығын пайдаланғысы келген. Бірақ әскери комиссариаттағылар оның өтінішін қарамай, жігітті алдап әскери бөлімге жіберген.

Худжандтағы әскери бөлімге түскен Рустамжон діни сеніміне байланысты әскери форма киюден бас тартқан. Соғды әскери прокуратурасы былтыр қазанда қылмыстық іс қозғап, Рустамжонды қамауға алды. Ол әлі қамауда отыр.

Тәжікстанда "Иегова куәгерлері" діни ұйымына тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG