Ссылки доступа

Өзбекстан жеті мемлекетпен әуе байланысына енгізілген шектеулер мерзімін ұзартты


Өзбекстан жеті мемлекет — Ұлыбритания, Италия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланд және Оңтүстік Африка Республикасымен халықаралық әуе қатынасына енгізілген шектеулер мерзімін ұзартты.

Бұл туралы елдің Коронавирусқа қарсы күрес бойынша республикалық комиссия мәлімдеді.

Комиссия мұндай шешімін аталған елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың ауыр болып жатқанымен түсіндірді.

Өзбек үкіметі 21 желтоқсанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанына байланысты жоғарыдағы жеті өлкеден тысқары Германиямен әуе қатынастына байланысты шектеулер енгізген. Оның мерзімі 10 қаңтарда аяқталады.

Шектеулерге сәйкес, аталған мемлекеттердің азаматтары және соңғы 14 күн ішінде ол мемлекеттерде болған басқа өлкелердің азаматтары Өзбекстан аймағына кіре алмайды.

XS
SM
MD
LG