Өзбекстанда милиция мен арнайы қызмет астыртын жұмыс істеген діни мектепті арнайы операция барысында жапқан. А. есімді азамат Жангох махалласындағы пәтерінде діни мектеп ашқан.
Хабарларға қарағанда, ата-аналар худжрада балаларын оқыту үшін 150-200 доллар төлеген. Оқу кезінде А. балаларды таяқпен ұрып отырған. Бірақ күдікті мұндай айыпты жоққа шығарып отыр. Ол балаларды шымжығанын, "кейде" таяқпен ұрғанын айтты.
Еске салайық, былтыр жыл соңында Ташкент қаласында үш діни мектеп жабылды. Арнайы операция кезінде худжраларда таяқ, пышақтар және пневматикалық қару табылған.