Ссылки доступа

Тәжікстанның 16 азаматын Душанбе әуежайында ұстады


Международный аэропорт Душанбе
Международный аэропорт Душанбе

Тәжікстанның 16 азаматын 11 қаңтарда таңертең Молдовадан Душанбеге ұшып келген бетте әуежайда ұстаған.

Әуежайдағы дереккөздің хабарлауынша, бұл азаматтар елге Стамбул арқылы ұшып келген. Тәжік құқық қорғау органдары бұл туралы ештеңе білмейміз деп отыр.

11 қаңтарда Молдова ішкі істер министрлігінің өкілі Озоди радиосына Тәжікстанның 16 азаматы елде жүріп-тұру тәртібін бұзғаны үшін Молдовадан шығарылғанын хабарлады.

Қазір ол азаматтардың қайда екені белгісіз. Озоди радиосы дереккөзінің айтуынша, «оларды әуежайда құқық қорғау органдарының өкілдері күтіп алған болуы мүмкін». Дереккөз «билік өкілдері Молдовадан келген азаматтарды бір-бірлеп шақырып отырды» дейді. «Жолаушылар не себепті ұстағанын сұрағанда, сіздер туралы мәлімет бар, оны мекемеде анықтаймыз деген».

XS
SM
MD
LG