Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ TikTok пайдаланушыларға ескерту жасады


Өзбекстанның ішкі істер министрлігі TikTok желісіне ролик жүктеушілер мен олардың ата-аналарына «азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптіз бұзғандар бұзақылық жасағаны үшін ұсталатынын» ескертті.

​ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Гиясовтың мәлімдеуінше, «соңғы уақытта елде жаман үрдіс қалыптасты: жастар ТikTok-қа түрлі видео жүктеп, онда әдепсіз қылықтар көрсету арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып жүр».

«Құрметті жастар, олардың ата-аналары, қоғамда өмір сүру тәртібін сақтамауды біз елеусіз қалдырады деп ойламаңыздар», - деп мәлімдеді Гиясов.

Бұның алдында TikTok-та ролик авторы көпшіліктің назарын өзіне аудару үшін пойыз жолына жатқан видео жарияланған. Ролик авторы әкімшілік жазаға тартылды. Ол Әндіжан облысының 37 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оның үш баласы бар.

Бұның алдында Гүлістанда екі тиктокер жол бойына шығып билеген. Оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Кейін оларды да үш тәулікке қамады.

XS
SM
MD
LG